КММ «Амангельдин жалпы орта мектебінде» «Мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға 5 белсенді оқушы қатысып, адалдық, әділдік және жеке жауапкершіліктің маңызы туралы өз ойларын ортаға салды.
Оқушылар күнделікті өмірде әділетсіздікке қарсы тұрудың жолдары, оқу мен мінез-құлықтағы адалдықтың мәні туралы пікір алмасты, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған өз ұсыныстарын айтты.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттырып, әділ қоғам құруға деген талпынысын қалыптастырады.
