Қарасу ауданы білім бөліміне қарасты Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Баланы дамыту және жауапкершілік орталығы» (БББО) аясында 5 және 9 сынып оқушыларының ата-аналарына сынып сағаты өтті. Тақырыбы «Эмоциялар және оларды қалай білдіру керек» және қауіпсіздік нұсқаулары да берілді:
•Өрт қауіпсіздігі
•Балалардың мұз үстінде бақылаусыз қалуының алдын алу
•Мереке кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
Мақсаты:
1.Ата-аналардың эмоционалдық сауаттылығын арттыру-бала өміріндегі эмоциялардың маңыздылығын және оны конструктивті түрде көрсету тәсілдері туралы түсініктерін дамыту.
2.Балалар мен ата-аналардың эмоционалдық күйлерін талқылау және хабардар ету арқылы отбасының тиімді өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.
3.Оқушылардың психологиялық сауықтыру мәселелерінде отбасы мен мектеп серіктестігін нығайту.
4.Ата-аналардың қауіпсіздік мәселелері туралы хабардарлығын арттыру.
Қатысқандар: 16 ата-ана
Сынып жетекшілері:Молдыбаева Ж.М., Бекмагамбетова Г.Б.
